Еңбек күні

Бүгін мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті мектептің техникалық және қызмет көрсету қызметкерлерін Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бері аталып келе жатқан Еңбек күнімен шын жүректен құттықтап, құрмет көрсетті. Мектеп директоры А. Кабдулинова құттықтау сөз сөйлеп, мектептің жайлылығы мен тәртібі, сапалы білім беруді ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызып жүрген мектеп қызметкерлеріне ерекше ризашылық пен құрмет білдірді. Үздік мектеп қызметкерлері мектеп грамоталарымен марапатталып, барлығына кәсіподақ комитетінен сыйлықтар табыс етілді. Мерекеге қатысушыларға арналған ән, тақпақтар, билер орындалып, мереке жақсы көңіл күйде өтті.